.

Submitted by admin on Жк, 03/10/2019 - 20:27

Қызылбалық ауылдық округі Көпбірлік ауылында 26 ақпан 2019 жылы жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы Тансыкбаева Ботагөз бен ауыл имамы Қалибек Нұрқабденнің ұйымдастыруымен Иманды ауылдың жайдарлы жастары атты жайдарман ойыны өтті. 5 команда жарысқа түсіп, ауылымыздың жастарымен бірге Қарақұм, Байшегір ауылдарынан келген жастар өз өнерлерін көрсетті. Жайдарманға қатысқан командалардың әзілдері тұшымды болды. Өз ойларын қысқа қойылымдармен жеткізе білді. Жайдарман ойынына арнайы келген қонақтарымыз Талдықорған орталық мешітінің нәйіп имамы Дауітов Керімбек Сәрсембайұлы, Талдықорған өңірі бойынша жастар секторының меңгерушісі Бердібеков Ерлан Кеңесбекұлы қатысып жастарға деген жылы ілебіздерін білдірді.

Ойын қорытындысы бойынша 1 орынды Қарақұмнан келген «Алғазы» жастары,2 орынды Көпбірлік ауылынан «Қаратал қырандары», 3 орынды орынды Байшегірден келген «Ханшайымдар» құрамасы алып кетті. "Үздік қатысушы" деп Рамазанова Аяжан алғыс хатпен марапатталды.