Қаратал ауданының Қызылбалық ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының №1хаттамасы

Submitted by admin on Бс, 03/12/2020 - 18:19

Қаратал ауданының Қызылбалық ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының №1хаттамасы

Өткізілетін күні мен орны : 2020 жылы 31 қаңтар. Қызылбалық ауылдық округі. Көпбірлік ауылы.

Жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны:  12 адам

Қатысушылардың саны: 12 адам

Төрағасы – Жасанов Нұрғазым

Хатшы – Жақсыбаев Талғат

 

Күн тәртібі:

         Жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік –құқықтық актілердің жобаларын талқылау.

         Қызылбалық ауылдық округі әкімі Тулегенов Мақсат Көшкінбайұлы «Қызылбалық ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» Қаратал аудандық мәслихатының 2020 жылғы  09 қаңтардағы № 66-238 шешімімен таныстырылып,  баяндама жасады.

         Нормативтік құқықтық актінің жобасына өзгерістер енгізу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әзірленіп жергілікті қоғамдастық жиналысының қарауына енгізілді.

         Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар жоқ.

Қабылданған шешім:

«Қызылбалық ауылдық округі әкімі аппаратының» веб-сайтында шешімдерді жариялау ұсынылады.

 

Жергілікті қоғамдастық

жиналысының төрағасы                               Н.Жасанов

 

Қоғамдастық

жиналысының хатшысы                               Т.Жаксыбаев