Қаратал ауданы Қызылбалық ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының № 2 ХАТТАМАСЫ
Көпбірлік ауылы 2020 жыл 06 ақпан
сағ 10-00
Жиынның төрағасы – Жасанов Нұрғазым
Хатшы – Талғат Жақсыбаев
Қатысқандар: жергіліктіқоғамдастықмүшелері- 12 адам
КҮН ТӘРТІБІ:
Ескелді ауылдық округі бойынша 2019-2021 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы туралы
ТЫҢДАЛДЫ:Бірінші сөз алған жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының төрағасы Н.Жасанов жергілікті қоғамдастық мүшелерін бүгін қаралатын күн тәртібіндегі мәселемен таныстырып, хабарлама жасау үшін сөзді Қызылбалық ауылдық округінің әкімі М.Тулегенов берді.
ТЫҢДАЛДЫ: Қызылбалық ауылдық округінің әкімі М.Тулегеновөз сөзінде: Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі-Бағдарлама) халықты ауылдық округті дамытуды жоспарлау процесіне тарту және жергілікті қоғамдастықтың ауылдық округ әкімімен өзара іс-қимылын күшейту мақсатында әзірленеді. Бұл дегеніміз үш жылдық бюджетпен сәйкестендіру мақсатында бағдарламаны жыл сайын жылжымалы негізде үш жылдық кезеңге әзірлеу болып табылады. «Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» республикалық, облыстық, аудандық бюджет, ауыл бюджеті, басқа да көздер (демеушілік көмек және т.б.) есебінен іске асырылатын, сондай-ақ қаржылық шығындарды талап етпейтін іс-шараларды (ұйымдастырушылық сипаттағы іс-шаралар, еріктілер және т. б.) қамтиды. Округіміздегі талай жылдардан бері шешуін таппай келген проблемалық мәселелер мен тәуекелдерді айтып өтейін. Олар:
- Алғазы атындағы орта мектепті орташа жөндеу.– Алғазы орта мектебінің күрделі жөндеуі бойынша монтаж жұмыстарын жүргізу.
- Көпбірлік ауылына 50 орындық балабақша салу;
- Қарақұм ауылының С.Сейфуллин, Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин көшелеріне қосымша 36 дана түнгі жарық орнату.
- Қарақұм ауылының А.Құнанбаев, Д.Қонаев көшелеріне ЖСҚ дайындау қосымша 12 дана түнгі жарық орнату.
- Қарақұмауылына шағын спорт алаңдарын ашу;
- Көпбірлік ауылына балалар спорт алаңын салу;
-Көпбірлік ауылына Төртінші, Бесінші, Алтыншы, Жетінші, Тоғызыншы көшелеріне 1 шақырым орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу;
- Қайнар ауылындағы ФП-қа ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу.
ТЫҢДАЛДЫ:Төлегенов Жасқайрат Көшкінбайұлы- А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінің директоры: Қызылбалық ауылдық округі бойынша 2019-2021 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы өте дұрыс. Мен толығымен келісемін.
Келесі сөйлегендер: Жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының мүшелері: А.Имашев, К.Абажанова, А,Ешмағанбетов, А.Құдайбергенов т.б бір ауыздан келісімдерін берді.
Қаратал ауданы Қызылбалық ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қызылбалық ауылдық округі бойынша 2019-2021 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы бекітілсін.
Жиналыс төрағасы: Н.Жасанов
Жиналыс хатшысы: Т.Жаксыбаев