Тарихи тұлғалар

Алғаш 1931 жылы Балқаш көлінің жағасында Қызылбалық ауылдық округінің негізі қаланған. Сол кездегі халықтың қамы үшін, жұмысшылардың жағдайын жақсарту мақсатында көп еңбек еткен тұлғалар қатарына Кілтбай Дүйсенов, Шоқпай Тәттібаев, Ізтлеу Исаев, Теберік Досаев, Азімбай Досқожанов, Досымхан Алкенов. Осы қатарға қажырлы еңбегімен, адал қызметімен қалың жұрттың көңілінен шыққан еңбек озаттары: Күлшекен Сақтағанова, Асылбай Кәрібаев, Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі және Ленин орденінің иегері атақты балықшы Момыш Жұмашев. Ауылдан шыққан, мақтан тұтар беделді азаматтар Ұлы Отан соғысына қатысқан, Республиканың Министрлер Советінде мал шаруашылығы бөліміне басшылық жасаған Әли Изатов, ғ мәдениет қызметкері Мәмбет Бестібаев, Қазақстан Энергетика ұлттық мемлекеттік компаниясының вице-президенті болған, қаламгер «Балқаш» энциклопедиялық үлгідегі кітаптың авторы Кенжемұрат Дүкенбаев, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор Ғалиолла Мейірманов, Өскемен автомобиль жолдары институтының доценті Төлеу Дүкенбаев (марқұм), әдебиетші, ғалым, филиология ғылымының докторы, профессор Бақытжан Майтанов, Республика Парламенті Мәжілісінің қос мәрте депутаты Көбес Ақылбаев (марқұм).

Ел ішінде сыйлы атанған ауыл ақсақаладары: Досан Айтқұлов, Сатылхан Имашев, Сейдахмет Әміров, Сейтнұр Несіпбаев, Мырзақасым Ибраев, Толеуқасым Жуанбаев, Әскербек Шоранов, Нүпбосын Белгібаев, Омаров Әмірбек, Құдайберген Хамитов, Ерғазы Молыбеков, Жапатай Бекжүнісов, Айткулов Досан, Мадибеков Жұмабай, Нұрқайланов Қилыбай округіміздің қоғамдық өміріне және айтулы оқиғаларына белсенді атсалысады.

Ауылымыздың тумасы салық саласында қызмет ететін Түсіпов Санат 2012 жылы көпбірлік ауылының тұрғындарына арнап мешіт тұрғызды.

.